(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ДЕКЛАРА...

 Осы редакция 2019 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

66-қосымша

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

67-қосымша

 

 

«Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» жасау қағидалары салық есептігін

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» салық есептігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс және әлеуметтік салығын, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын (бұдан әрі - ЖТС) және әлеуметтік төлемдерін есептеуге арналған «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.

2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда - Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.